Бағдарламаны іске қосу, тоқтату және қайта іске қосу

Сіз клиент құрылғысында бағдарламаларды іске қоса, тоқтата және қайта іске қоса аласыз.

Бағдарламаны іске қосу, тоқтату және қайта қосу үшін:

  1. Клиент құрылғысын қашықтан диагностикалау утилитасын ашыңыз.
  2. Қашықтан диагностикалау терезесінде Қашықтан диагностикалау түймесін басыңыз.
  3. Ашылған Күйлер мен журналдар терезесінен «Лаборатория Касперского» бағдарламалары бөлімін таңдаңыз.

    Құрылғыда орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының тізімі ашылады.

  4. Бағдарламалар тізімінен іске қосқыңыз, тоқтатқыңыз немесе қайта іске қосқыңыз келетін бағдарламаны таңдаңыз.
  5. Келесі түймелердің бірін басып, әрекетті таңдаңыз:
    • Бағдарламаны тоқтату

      Бұл түйме, бағдарлама қазіргі сәтте іске қосылған болса ғана қолжетімді.

    • Бағдарламаны қайта іске қосу

      Бұл түйме, бағдарлама қазіргі сәтте іске қосылған болса ғана қолжетімді.

    • Бағдарламаны іске қосу

      Бұл түйме, бағдарлама қазіргі сәтте іске қосылмаған болса ғана қолжетімді.

Өзіңіз таңдаған әрекетке байланысты, қажетті бағдарлама клиент құрылғысында іске қосылады, тоқтайды немесе қайта іске қосылады.

Желілік агентті қайта іске қоссаңыз, құрылғының Басқару серверімен ағымдағы қосылымы үзілетіні туралы хабар пайда болады.

Басына оралу